Елімізде 30 жылда үш мың шақырым жергілікті жол салынған

Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында үш мың шақырым жергілікті жол салынып, реконструкцияланды.

ҚР ИИДМ мәліметінше, егемен Қазақстанның 30 жылында облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың 3 мың шақырымы салынып, реконструкциияланды, 27 мың шақырым жол жөндеуден өтті. Биыл жұмыстармен жергілікті желінің 3,4 мың шақырымы қамтылып отыр. Жыл соңында автожолдардың 79%-ін нормативтік жағдайға жеткізу көзделген.