Түркістан облысында жоғалған студенттер әлі іздестіріліп жатыр

Түркістан облысында тауда жоғалып кеткен студенттерді іздеу жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елуден астам құтқарушыға полиция қызметкерлері мен ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекарашылары қосылды. Олар демалушылар мен саяхаттаушылар жүретін барлық бағыты тексеруде. Қазір аумақты тікұшақпен барлап, адам аяғы жететін жерлерді биіктен қарап жатыр.  Алайда іздеу жұмыстары әзірге нәтижесіз. 21 мамыр күні жеті адамның Сайрам-Өгем табиғи Ұлттық паркіне саяхатқа шығып, содан оралмағаны туралы айтқан болатынбіз. Олар ата-аналарына үш күннен кейін қайтамыз депті. Бірақ бүгінге дейін ешқайсысы туыстарымен байланысқа шықпаған.

Қанат Қарабалаев, Облыстық ТЖД азаматтық қорғау басқармасының бастығы:

– Өздері кеткен. Бірақ жаңағы табиғи парктің несіне айтып кеткен. Біз осы бағытта барамыз. 24-і қайтамыз деп айтылған. Үш бағытта іздестіру топ жүргізіліп жатыр. Қазір сағат 12-ден бастап, вертолет пен де әуе іздеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Сондай-ақ...