Қазақстан Сауд Арабиясынан қажылыққа қатысты талаптарды бәсеңдетуді өтінді

Қазақстан Сауд Арабиясының қажылыққа мүдделі құзырлы мекемелеріне келетін жамағат үшін талаптарды бәсендету жайында өтініш білдірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қажылық бөлімінің басшысы Жәнділла Бекжігітов мәлімдеді. Оның айтуынша, биыл мұсылмандар бес парызының бірін 60 мың адам ғана орындай алады.

Жәнділла Бекжігітов, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қажылық бөлімінің басшысы:

– Сауд Арабиясының денсаулық сақтау министрлігі осы 2021 жылы қажылыққа арнайы пандемиялық жағдайдағы талаптарын жария етті. Онда Сауд Арабия денсаулық сақтау министрлігі бекіткен аталмыш 4 вакцинаға рұқсат етілген: Файзер, Астра-Зэнека, Джонсон-Джонсон, Модерна. Әлбетте бұл вакциналар біздің Қазақстанда жоқ.