427,82 518.00 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Соңғы бір аптада елімізде 12 адам суға кеткен

  • 154
  • UPD: 17:40, 27.05.2021
Соңғы бір аптада елімізде 12 адам суға кеткен

Соңғы бір аптада елімізде 12 адам суға кеткен, оның екеуі бала. Бұл туралы онлайн брифингте төтенше жағдай министрлігінің өкілі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, қазіргі таңда елімізде шомылуға рұқсат берілген 469 орын болса, оның үш жүзге жуығы жекеменшік жағажайлар. Жалпы Қазақстанда 50 мыңнан астам су айдыны бар. Оның 125 бөлігінде құтқару бөлімшелері жұмыс істейді. Жалпы шомылу маусымы алдында елімізде 48 жылжымалы құтқару бекеті қойылады. Су маңындағы демалыс орындарында арнайы дайындықтан өткен 108 нысанды құтқару бекеті құрылады. Шомылу маусымына дайындықты пысықтаған төтеншеліктер қазақстандықтарды суға түскенде сақтық шараларын ұмытпауға шақырды.

Бауыржан Сыздықов, ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы:

- Бүгінгі таңда 53 адам, оның ішінде 26 бала суға батып қайтыс болуы тіркеліп отыр. Жыл басынан су айдындарында барлығы 38 адам, оның ішінде 4 бала құтқарылды. Суда қаза табудың басты себебі жабдықталмаған, тыйым салынған жерде шомылу.

Хабар 24 телеарнасы