425,70 504.60 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда маса күрт көбейді

  • 433
  • UPD: 20:03, 27.05.2021
Павлодарда маса күрт көбейді

Ертіс өңірінде де маса күрт көбейді. Ел «далаға шығудан қалдық» дейді.

Мамандардың айтуынша, масаның көбеюіне күннің тез ысып кетуі себеп. Облыстық балалар ауруханасына күн сайын маса шаққан 10 бала жеткізіледі. Аймақта дезинсекциялау сәуір айынан бері жүргізіліп жатыр. Алайда тиімділігі туралы айту қиын. Облыс бойынша улау жұмыстарымен айналысатын мердігер мекеме бар. Кәсіпорынмен үш жылға 1,6 млрд теңгеге келісім-шарт жасалыпты. Ал қаланың өзінде мердігер ұйым әлі анықталмаған. 

Қанат Ахматов, биология ғылымдарының докторы: 

- Ақырғы жетіде ғана жаппай пайда болды. Біріншіден, көктем өте созыңқы болды. Екіншіден, көктем созыңқы болуын қоймай, салқын болды, 15 мамырға дейін. 15-нен бері қарай температура күрт көтеріліп, 38-ге қарай жетті. Оң температура деген ұғым бар. Бұлар оң жиынтықты температураларды жинап алды да массалық түрде ыстық күндерде ұшып шықты. Ұшып шыққан соң қан сору керек. Яғни ақуызы мол қорек керек.

Сәуле Құттыбаева, қала тұрғыны:

- Биылғы жылы маса көп. Өңдеп жатқаны сезілмейді. Жәндіктер көшеде толып ұшып жүр. Бүгін қайта жел шығып, далада серуендедік. Саяжайыма барудан қалдым. Жұмыс істеу мүмкін емес.

Хабар 24 телеарнасы