ШҚО-да малдың қырылуы толастады

Зайсанда малдың өлімі толастады. Өңірдің ветеринарлық қызметі осылай деп мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, біздің арна тілшілеріне Шілікті ауылдық округінің тұрғындары хабарласып, малдың қырылып жатқаны туралы айтқан еді. Барлығы 120 бас уақ мал мен 12 ірі қараның шығын болғаны ресми түрде анықталды. Ал тұрғындар әлі де наразы. Өйткені мал дәрігерлері қауіпті ауруды анықтай алмай отыр. Қан талдауларының алдын ала қорытындысы бойынша өлген малға дәрумендер мен ағзаға қажетті минералдар жетіспеген. Мамандар осындай тұжырым жасапты. Себебі жайылымдық жерлер жылдан жылға тозып барады.

«Жазға салым жағдай тұрақтала бастайды. Бірақ малдың қырылуы толастағанымен ауру айналып соғуы мүмкін», - дейді жергілікті тұрғындар. 

Айбол Насретов, Шілікті ауылының тұрғыны:

- Жоқ әрине! Зақым 12 бастан алыс. Қалған жағдайлар ресми тіркелмегені ғана. Әр аулада 4-5 сиыр өлді. Ал қыстан кейінгі малдың қандай әлсіздігі туралы айтып отырмыз, егер шырышты қабаттарында жаралар болса, бәрі ауызда шіриді. Басқа жануарлар да ауру жұқтырған!

Рамиль Сағындықов, ШҚО ветеринария басқармасының басшысы:

- Жүргізілген түрлі зерттеулердің нәтижесінде малдың қырылуы зат алмасу үдерісінің бұзылуынан болғаны анықталды. Зертханалық, биохимиялық анализдер қан құрамында кальций, фосфор мен каротиннің 10 есеге дейін азайып кеткенін көрсетіп берді.

Малдың нақты неден қырылғаны республикалық зертханалық талдау қорытындысынан кейін белгілі болады. Жұқпалы аурулар анықталса, шығын қайтарылуы мүмкін. Қорытынды 1 маусым күні дайын болады.