Тұңғыш Президент саябағында жаңа демалыс орындары ашылды

Тұңғыш Президент саябағында жаңа спорт алаңдары мен демалыс орындары ашылды. Оның құрылысына 60 млн теңге жұмсалған.

Мамандар бұл қаражатты демеушілердің бергенін айтады. Саябақа келіп, серуендейтіндер көп. Қала тұрғындары келіп тынығатын жерді Нұрсұлтан Назарбаев қорының директоры Дариға Назарбаева және «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек келіп көрді. Келесі жылы саябаққа веложол салу жоспарланып отыр.