427,82 518.00 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда өртке қарсы жаттығулар өтті

  • 105
  • UPD: 23:17, 27.05.2021
Алматыда өртке қарсы жаттығулар өтті

Жаттығулар барысында отты жылдам сөндіру және адамдарды қауіпсіз жерге көшіру, сондай-ақ зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жайы пысықталды.

Жазда таулы аймаққа демалушылар көптеп келеді. Әсіресе ұлттық парктің орманды алқаптарында өрт шығу қаупі жоғары. Сондықтан төтенше жағдайлар департаментінің мамандары демалушыларға өрт қауіпсіздігін қатаң сақтауды ескертеді. Жалпы 1 мамырдан бері 34 рейд жүргізіліп, 100-ден астам от сөндіріліп, 55 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Руслан Қасыбаев, қалалық ТЖД басшысы:

- Бұл жаттығу кезінде екі өрттің аумағы анықталып, бір аумақ төменгі ойда болды. Екіншісі таудың бөктерінде болды. Өрт шыққан жерді Іле Алатаудың қызметкерлерімен бірге өшіріп, екінші таулы жерге қиын жерге авиаборттар көтеріліп, Алматы қаласының құтқару қызметімен және Авиаспас МЧС-тың екі әуе борты сифондық құрылғылармен су тастады. Және десанттық өрт сөндірушілер десантталды.

Хабар 24 телеарнасы