Атырау облысы «сары аймаққа» өтті

Атырау облысы вирустың таралу қарқыны бойынша «сары аймаққа» өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірде өткен тәулікте 85 адам вирус жұқтырған. Ал елорда, Алматы және Ақмола мен Қарағанды облыстарында әлі күнге қауіптің жоғары деңгейі сақталады. «Сары аймақ» тізімінде Атыраумен қатар, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары тұрса, «жасыл аймақта» Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Түркістан және Ақтөбе облыстары мен Шымкент қаласы бар.