Атырау облысы вакцинаны игеру бойынша соңғы орында

«Сары аймаққа» өткен Атырау облысында осы күнге дейін 1 миллионнан астам ПТР-тест жасалған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамыр айының өзінде 115 мыңға жуық адамнан сынама алынған. Қазір облыста 15 зертхана жұмыс істейді.

Айта кетейік, мұнайлы өңір вакцинаны игеру бойынша соңғы орында тұр. Себебі сәуір айынан бері екпе алатын топтың 25 процентке жуығы ғана вакцина салдырған. Бұған халық арасында түсіндірме жұмыстарының жөнді жүргізілмеуі себеп көрінеді. Қазір арнайы мобильдік топ құрылып, осы жұмыстармен айналысып жатыр.