Түркістан облысында тауда жоғалған жеті жігіттің үшеуі табылды

Түркістан облысында жоғалған 7 баланың үшеуі табылды. Сайрам-Өгей аңғарындағы құтқару-іздеу жұмыстарына тікұшақ тартылған еді.

Табылған балалар дін-аман. «Жағдайлары қалыпты», – дейді Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.

Қалғандарын іздеу жалғасып жатыр. Олардың туыстарымен психологтар жұмыс істеуде. 

Еске салайық, 25 мамыр күні жеті адамның Сайрам-Өгей табиғи Ұлттық паркіне саяхатқа шығып, содан оралмағаны туралы айтқан болатынбыз. Олар ата-аналарына «үш күннен кейін қайтамыз» деп кеткен екен.