425,82 518.00 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нұр-Сұлтанда тағы бір сауда орталығында коронавирусқа қарсы вакцина егіле бастады

  • 80
  • UPD: 14:06, 28.05.2021
Нұр-Сұлтанда тағы бір сауда орталығында коронавирусқа қарсы вакцина егіле бастады Елорда әкімдігі

Елорда тұрғындары мен қонақтарын коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялайтын сауда орындарының тізімін қаланың оң жағалауындағы «Еуразия» сауда үйі толықтырды.

Мұнда азаматтар вакцинаның екі түрін қабылдай алады: ресейлік «Спутник-V» препараты және қытайлық SinofarmHayat-Vak вакцинасы.

«Қала тұрғындары тығыз орналасқан аудандардың бірін вакцинациялаумен қамту үшін «Еуразия» сауда үйінде де егу пунктін ашуды жөн көрдік. Аудан тұрғындары да аталмыш сауда орнында ашу туралы бірнеше рет өтініш білдірген. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен бірлесіп, осы мәселенің мүмкіндігін қарастырдық және азаматтарға ыңғайлы болу үшін вакцинациялау пункттерін ашу туралы шешім қабылдадық. Эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, осы жерде вакцинация жүргізілетін болады», – деп атап өтті қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Вакцинация орны «Евразия-3» СҮ-нің 4-қабатында ұйымдастырылған. Вакцинациялауға тіркеу бригаданың кестесіне және сауда үйінің жұмыс режиміне сәйкес сағат 19:30-ға дейін жүргізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, елордада бүгінге дейін Mega Silk Way, Keruen, «Хан Шатыр», «Абу-Даби Плаза», «Азия Парк», «Сарыарқа» сауда ойын-сауық орталықтарында, «Әлем», «Астаналық», «Еуразия» сауда үйлерінде вакцинация пункттері ашылған болатын. Қала әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша олардың саны үш есе артты.

Хабар 24 телеарнасы