Биыл елімізде1645 бала коронавирус жұқтырған

Жыл басынан бері елімізде 1700-ге жуық бала коронавирус жұқтырған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың 34-ті жаңа туған сәби. Бұл туралы онлайн брифингте Денсаулық сақтау министрлігінің бас педиатры Риза Боранбаева мәлімдеді. Оның айтуынша, 90 процент жағдайда балаларда коронавирус инфекциясының симптомсыз түрі кездеседі. Сонымен қатар коронавирус жоспарлы екпелерге кедергі емес. Сондықтан, бас педиатр балаларға арналған жоспарлы екпелердің барлығын уақытында алуға кеңес берді. Ал пульмоногтар ересектерді COVID-19-ға қарсы екпеден бас тартпауға шақырды.

Ләззат Ералиева, ҚР ДСМ Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы директорының орынбасары:

– Коронавируспен ауырсаңыз да вакцинадан бас тартудың қажеті жоқ. Себебі уақыт өте келе антиденелер деңгейі төмендейді. Вакцинаның бірінші дозасынан кейін антиденелер 14 күнге дейін қалыптасады және уақыт өте келе көбейе түседі. Бірақ вакциналаудан кейінгі алғашқы күндері адам коронавирус жұқтыруы мүмкін. Әсіресе, эпидемияға қарсы шараларды сақтамағандар үшін қауіпті. Бұл ковид-19 вакцинадан жұқты дегенді білдірмейді. Бұл инфекция табиғи жолмен жұққанын білдіреді.