ШҚО-да дәрігерлер тұрғындарға медициналық маскалар таратты

«Қостанай теміржол ауруханасы» ЖШС Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік тапсырысын орындау мақсатында облыс тұрғындары арасында СOVID-19 коронавирустық инфекциясының алдын алу бойынша бірқатар іс-шара өткізді.

Қостанай теміржол ауруханасының салауатты өмір салтын қалыптастыру бөлімінің қызметкерлері өткізген іс-шаралар шеңберінде облыс тұрғындары арасында медициналық маскалар мен антисептикалық майлықтар таратты, қоғамдық орындарда медициналық масканы міндетті түрде кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау, қолды антисептикпен өңдеу, жеке және қоғамдық гигиена сияқты сақтық шараларын сақтаудың маңыздылығы туралы әңгіме жүргізілді. Аймақтағы қазіргі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, COVID-19 вакцинациясының артықшылықтары туралы пікірталастар да өтті.

Акцияларды өткізу кезеңінде 250-ден астам адам қамтылды, өткізілген акциялар тұрғындар арасында ынта-жігермен және мақұлдаумен қабылданды, оң пікірлер, тілектер мен алғыстар айтылды.