LRT ісі: халықаралық іздеуде жүрген екі күдіктіге сырттай үкім кесілген жоқ

Елордада ЛРТ құрылысына бөлінген қаржыны жымқырғандар сотталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Судья шешімі бойынша олар 7 жылдан 10 жылға дейін жаза арқалады. Одан бөлек, дүние-мүлкін түгел тәркіленеді. Сотталушылар бір жарым айдың ішінде мемлекетке миллиардтаған қаржы қайтарып беруге тиіс. Олардың арасында «Құрмет» және «Парасат» ордендерін алғандары да бар. Енді әлгі адам осы мемлекеттік наградаларынан түгел айырылды. Ал халықаралық іздеуде жүрген екі күдіктіге әзірге сырттай үкім кесілген жоқ. Олар – Астана ЛРТ компаниясының басшысы Талғат Ардан және елорда әкімінің экс орынбасары Қанат Сұлтанбеков. Күдіктілдерге бюджеттен бөлінген 5,8 миллиард теңгені жымқырды деген айып тағылған.