Түркістан облысында төрт адамды іздестіру жалғасуда

Сарыайғыр сайына саяхттаған жеті жігіттің үшеуі кеше табиғат құрсауынан құтқарылғаны жайында хабарладық.

Төрт туристің тағдыры әлгі белісіз. Іздеу жұмыстары үздіксіз жүруде.

Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрғали Жүнісовпен арна тілшісі телефон арқылы тілдесіп, қазіргі кезде құтқарушылар Сайрам-Өгем шатқалында жоғалғандарды жаяу іздеп жүргенін хабарлады. Төрт күннен бері із кескендердің еңбегі еш кеткен жоқ. Кеше үш жігіт құтқарылды. Жеті адамнан тұратын саяхатшылар мамыр айының 21 күні Сарыайғыр жаққа барып, үш күннен кейір кері оралатындарын ескерткен екен. Межелі уақытта келмегеннен кейін туыстары іздей бастаған.