Шымкентте технопаркте болған жасөспірім өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Шымкенттегі технопаркте болған жасөспірімнің қазасына байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Қылмыстық кодекстің 156-бабы, яғни техникалық қауіпсіздік ережесін бұзу, еңбек қауіпсіздігін сақтамау баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция сот-медициналық сараптама тағайындады.

Естеріңізге сала кетейік, қаладағы «Фантазия әлемі» технопаркіндегі аттаркционнан 17 жастағы жасөспірім құлап, мерт болған еді. Ол оқиға орнына жедел әрдем жеткенше көз жұмды. Қазір парктің жұмысы тоқтап тұр.