Нұр-Сұлтанда жас құтқарушылар байқауы басталды

Елордада жас құтқарушылар байқауы басталды. 90-ға жуық қатысушы оқиға орнына жылдам жету, сатымен көтерілу, алғашқы медициналық көмек көрсету сияқты 6 кезеңнен сүрінбей өтуге тиіс.

Жеңімпаздар маусым айының соңында Көкшетау қаласында өтетін Қазақстан бірншілігіне қатысуға мүмкіндік алады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқау ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және қызметін орындау барысында опат болған құтқарушыларды еске алу мақсатында өткізіліп отыр.

Асхат Алшыбек, «Жас сарбаз» қоғамдық бірлестігінің Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы:

- Команданың басты мақсаты алдағы сайыста жеңіске жету. Жасөспірімдердің әскери-патриоттық тәрбиесін жетілдіру, спортқа баулу, төтенше жағдай кезінде медициналық көмекті тез көрсету, қоғамда болып жатқан төтенше жағдай кезінде жанындағыларға көмектесу болып табылады.