426,04 518.00 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Біздің әулет қазақ халқының арқасында ғана аман қалды – неміс ұлтының өкілі

  • 122
  • UPD: 18:33, 29.05.2021

Тоталитарлық жүйенің тепкісімен Қазақстанға бір жарым миллион адам жер аударылса, оның 400 мыңнан астамы – неміс ұлтының өкілі.

Еділ бойынан күштеп көшірілген немістер еліміздің шалғай аймақтарына қоныстанған. Олардың көрген азабы бүгінгі ұрпағының жадында. Жітқара қаласының тұрғыны Татьяна Никифорованың айтуынша, ата-әжесін жеті баласымен бір түнде вагонға тиеп алып кеткен. Сонда кенжесі небәрі үш айлық екен. Біздің әулет қазақ халқының кең пейілдігінің арқасында ғана аман қалды деп үлкендері жиі айтып отырады екен.

Татьяна Никифорова, Жітіқара қаласының тұрғыны:

– Өздері қиын жағдайда отырса да, жергілікті қазақтар барын аямаған. Жер аударылғандардың жүдеу-жадау күйлерін көріп, сүт-сүзбесімен, құрт-ірімшігімен бөліскен. Соның арқасында жеті бала да аман қалып, өсіп өнді. Анам өмірінің соңғы күніне дейін қалтасынан құрт тастамайтын.

Хабар 24 телеарнасы