«Елбасы медалі» жобасына қатысушылар Карлаг музейін аралады

«Елбасы медалі» жобасына қатысушылар Карлаг музейін аралады

«Елбасы медалі» жобасына қатысушы 40 үміткер Қарағанды облысының Долинка кентіндегі қуғын-сүргін құрбандарына арналған музейді аралады.

Жастар ақтаңдақ жылдар қалдырған қасіретті көзбен көрді. Бұл кейінгі ұрпақтың ой-өрісін дамытып, тарихты терең білуіне ықпал етеді дейді ұйымдастырушылар. «Білім инновация» халықаралық қоры мен Елбасы академиясы бірлесіп қолға алған жоба аясында осындай танымдық шаралар ұйымдастырылуда. Еске салсақ, «Елбасы медалі» – жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама. Былтыр жобаға 11 мыңнан жас, 600 тәлімгер, 17 аймақтық үйлестіруші мен сарапшы қатысқан болатын.

Ерсұлтан Жәкен, «Елбасы медалі» жобасына қатысушы:

– Бүгінгі күн өте жақсы өтті. Музейді аралағанда бұрынғы адамдардан қалған жазбаларды көрдік. Олардың шеккен қасіретін суреттен-ақ түсіндік. Қанды жылдары қай жерде жатқандары бізге мәлім болды.