427,23 518.00 5.85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Президент тапсырмасы: Сексеуіл кентінде мектеп құрылысы аяқталды

  • 179
  • UPD: 23:05, 29.05.2021

400-ден астам оқушы енді сабаққа бару үшін 15 қатар шойын жолдан өту тауқіметінен құтылды.

Жаңа білім ұясы елді мекендегі мектеп тапшылығы мәселесін де шешкен.

Сексеуіл кентіндегі 3 мектепте 2 мың 700-дей оқушы білім алады. Сол білім ұяларының екеуінде орын тапшы. Бұл оқу ошақтары темір жолдың тек бір жақ бетінде орналасқандықтан 400-ден астам оқушы қаз-қатар жатқан 15 рельсті қиып өтіп, мектепке қатынауға мәжбүр болатын. Қазына Бектеева да балалары мектептен келгенше алаң көңілі басылмайтын.

Қазына Бектеева, Сексеуіл кентінің тұрғыны:

– Біз осы балаларды уайымдап отыратынбыз. Өйткені жол бойының арғы бетінде. Қазір мектеп үйімізге жақын.

Нұргүл Махатова, Сексеуіл кентінің тұрғыны:

– Мен де ата-ана ретінде өте қуаныштымын. Балаларымның жаңа технологиямен жабдықталған мектепте оқитынына ризамын.

Екі қабаттты мектеп 300 оқушыға шақталған. Асхана, кітапхана, спорт залы мен сыныптары толық жабдықталған. Осылайша оқушылардың қауіпсіздігімен қатар, Сексеуіл мектептеріндегі орын тапшылығы мәселесі де шешімін тауып отыр.

Санира Жанназарова, Арал аудандық білім бөлімінің басшысы:

– Бұрынғы 87-орта мектебінде 300 орындық мектепте 850 бала білім алып отырған. Енді мінекей, нұр үстіне нұр болып, сол мектепте 452 бала осы жаңа мектепке ауыстырылады деп күтуде. Қазіргі таңда облыстық білім басқармасы арқылы мектептің ұстап тұру шығындарына және техникалық қызметтеріне қажетті қаражаттары қаралды.

2016 жылы Жезқазған-Бейнеу темір жолы салынып, 15 мыңдай тұрғыны бар Сексеуіл кенті тоғыз толдың торбына айналды. Елді мекендегі 3 оқу ошағында 2670 оқушы білім алатын. Енді Жаңа оқу жылынан бастап, Президент тапсырмасымен бой көтерген зәулім мектеп оқушылар мен ұстаздарға есігін айқара ашпақ.

Нұрлан Жақыпбеков, Әлхайдар Тұрлыханов

Хабар 24 телеарнасы