Түркістан облысында той бизнесі тұралап қалды

Түркістан облысында той бизнесі тұралап қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кәсіпкерлер өз банкет залдарын жауып, оның орнына спорт залдары мен сауда нүктелерін ашып жатыр. Мәселен, Бәйдібек ауданындағы Шаян ауылының тұрғыны Қызбала Құлымбет карантин салдарынан шығынға ұшырағандықтан, тойханасын жауып, оның орнына әлеуметтік дүкен ашты. Ол әзірге ауылдағы ең үлкен сауда нүктелерінің бірі болып тұр.

Қызбала Құлымбет, кәсіпкер:

– Ордабасы ауданында тойхананың ішінен дүкен ашқанды барып көріп, ой туындады. Сол ойымызды ары қарай жалғастырайық деп осындай дүкен ашып отырмыз.​ ​