Елімізде вирус жұқтыру көрсеткіші төмендеп жатыр

Елімізде қауіпті вирусты жұқтыру көрсеткіші төмендеп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дерт белгілері өткен тәулікте 1549 адамнан анықталды. Оның көбі Қарағанды облысынан. Өңірде 310 адам коронавирус жұқтырған. Тізімді Алматы мен Нұр-Сұлтан жалғайды.

Еске салайық, пандемия басталғалы елде 385 мыңнан астам адамнан қауіпті вирус анықталды.