427,23 518.00 5.85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шарын шатқалында сел салдарынан із-түзсіз жоғалған оқушы қыз табылды

  • 196
  • UPD: 13:18, 30.05.2021

Шарын шатқалында жоғалып кеткен оқушылардың бірі құтқарылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

2010 жылы туылған қыз Шарын өзенінің сол жағалауында, оқиға орнынан 3-4 шақырым жерден табылған. Алдын ала мәлімет бойынша, қыз бала жарақат алған, жағдайы орташа.

Белгілі болғандай, экскурсияға барғандардың арасында Алматы қаласындағы №199 гимназияның 8 оқушысы бар. Оларды 5 ата-ана мен 3 мұғалім ертіп жүрген.

«Қайғылы оқиға салдарынан бір оқушы мен бейіндік пән мұғалімі көз жұмды, тағы бір оқушыны іздеу жұмыстары жалғасып жатыр», - делінген өкілетті орган таратқан ақпаратта.

Естеріңізге салайық, кеше Шарын шатқалында сел жүріп, 2 адам опат болды. Оның бірі кәмелеттік жасқа толмаған жеткіншек. Төтенше жағдайлар министрлігінің реми өкілі Талғат Уәлидің айтуынша, селдің жүруіне күн райының күрт құбылуы әсер еткен. 15 минуттай бұршақ аралас жауын жауған. Оқиғаға байланысты Жергілікті төтенше жағдайлар департаментінде шұғыл штаб құрылды.

Хабар 24 телеарнасы