426,64 518.00 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Вакциналау паспорты қағаз түрінде берілмейді

  • 118
  • UPD: 16:47, 30.05.2021
Вакциналау паспорты қағаз түрінде берілмейді

Қазақстандықтарға вакциналау паспортының қағаз нұсқасы берілмейді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәлімдеді.

Айта кету керек, халық арасында вакциналау паспортының қағаз нұсқасының Санитарлық-эпидемиологиялық комитеттен ақшаға тапсырыс беріп алуға болатыны жөнінде ақпарат таралуда.

«Санитарлық-эпидемиологиялық комитет қағаз нұсқада фирмалық бланкіде ешқандай вакциналау паспортын бермейді. Ондай өзгерістер болса, біз міндетті түрде республика азаматтарын хабардар етеміз. Мұндай сауал қарастарылып та жатқан жоқ», - деп хабарлады Комитеттен.

Ведомство жалғыз қолданыстағы вакциналау паспортының электронды екенін ескертті. Сонымен қатар Комитетте қазақстандықтарды мұқият болуға шақырып, алаяқтарға алданбауды өтінді.

Хабар 24 телеарнасы