Алматыда «Балаларға өмір сыйла» деректі фильмінің тұсаукесері өтті

Алматыда «ДОМ» қоғамдық қорының «Балаларға өмір сыйла» деректі фильмінің тұсаукесері өтті.

Фильм қордың 15 жылғы жұмысына есеп беріп, қайырымды жандардың арқасында көмек алған балалар тағдыры туралы әңгімелейді. Туынды сұхбаттардан, қордың арқасында ұзақ және қиын қалпына келтіру жолынан өткендердің естеліктері мен сәтті тарихынан құралған. 15 жыл ішінде Қазақстан халқы «ДОМ» қайырымдылық қоры арқылы балаларға жалпы сомасы 6 млрд теңгеден астам көмек көрсетті! Бұған балаларды шетелде емдеуге арналған қаржылай көмек, медициналық жабдықтар, оңалту құралдары, тамақ және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету құны кіреді. Аутизм, сал ауруы мен өзге де кеселге ұшыраған балалардың үміті жанды, денсаулығын жақсартып, олардың ата-аналарын жігерлендірді.

Жазира Жамбыл, қала тұрғыны:

- Осы кісілердің арқасында екі рет операцияға барып келдік. Алғысым шексіз. Себебі әр ата-ананың арманы баласының жақсы жүруі, денсаулығы мықты болуы. Менің де сондай арманым болған. Балам мықты болсын деп. Міне Алланың қалауы ғой бәрі.