Мемлекеттік хатшы бастаған бір топ шенді репрессия құрбандарының рухына тағзым етті

Осыдан бір ғасыр бұрын қазақ аштық көрді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қара-шекпенділер қасақана жасаған сол қырғыннан қанша қазақтың қайтқаны әлі белгісіз.

Нақты сан жоқ. Оны тарихшылар алдағы уақытта зерттеп, зерделей жатар. Ал бүгін елорда іргесінде мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев бастаған бір топ шенді сол нәубеттен ажал құшқан бабалар рухына тағзым етті. Ескерткішке гүл қойды.