427,23 518.00 5.85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нұр-Сұлтанда веложарысқа 200-ге жуық спортшы қатысты

  • 101
  • UPD: 10:14, 31.05.2021
Нұр-Сұлтанда веложарысқа 200-ге жуық спортшы қатысты Елорда әкімдігі

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы спорт мектептерінің балалары арасында бұқаралық веложарыс өтті.

Балаларды қорғау күніне, сондай-ақ ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шараға балалар мен жасөспірімдерден құралған 200-ге жуық адам қатысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Веложарысқа қатысушылар үш шақырым қашықтықты велосипедпен жүріп өтті.

Веложарыс соңында қатысушылар арасында ұтыс ойыны ойнатылып, бағалы сыйлықтар, велосипедтер, велоспортқа қажетті құрал-жабдықтар табысталды.

Веложарыс карантин шараларын сақтай отырып ұйымдастырылды.

Хабар 24 телеарнасы