Елімізде екі аптада 328-тен астам заңсыз қару тәркіленді

Оның 212-і тегіс ұңғылы қару, 38 данасы газбен атылса, 9-ы қолдан жасалған, ал 27 дана – травматикалық.

Сондай-ақ 18 электрлік қару алынды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз брифингте мәлімдеді. «Қару» жедел алдын алу іс-шара барысында қаруды заңсыз сақтағаны және алып жүргені үшін 195 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Онымен қоса, тексеру нәтижесінде 3196 тәртіп бұзушылық анықталды.

Айта кетейік, Ішкі істер министрлігі 17 мамырдан бастап республика аумағында жедел алдын алу іс-шараларын жүргізіп жатыр.