Алматы облысында селден аман қалған қыз емделіп жатыр

Алматы облысындағы Шарын шатқалында болған селден аман қалған 11 жасар алматылық қыз ауруханада емделіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір жағдайы жақсы дейді дәрігерлер. Оны кеше төтенше жағдай қызметкерлері қалалық балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығына жеткізген. Бүлдіршін нейрохирургия бөлімшесіне жатқызылды. Қазір қажетті медициналық көмек көрсетілуде.

Естеріңізге сала кетейік, 29 мамырда Шарын шатқалында сел жүру салдарынан 6 адам жарақат алып, 2 адам қаза тапты. Кейін апаттан ажал құшқандардың біреуі мектеп оқушысы, екіншісі мұғалім екені анықталды.

Алуа Жексенова, Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығы бас дәрігерінің орынбасары:

– Келгендегі диагнозы жабық ми жарақаты, мидың шайқалуы. Гипотермия орташа ауырлықта. Қолы мен аяғыныңы соғылған, ұрылған диагнозы қойылды. Жеті, он күн аралығында ем қабылдайды.