Жарты құртты жарып жеген...

Қазақ еліне жер аударылып, абақтыға қамалғандардың ұрпағы ұлттық дәм құрт туралы жыр ғып айтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Таспен атқаны ас болып шыққанда таң қалғандарын жасырмайды. Долинка кентіндегі қуғын-сүргін құрбандарына арналған музейде зұлмат жылдар туралы қойылым сахналанды.

Қамыс басындағы ауыр жұмыстан қажыған әйелге қазақ баласының құрт лақтыруы... Қасіретті жылдары жасалған қайырымдылық қазір тек сахналық деңгейде қойылып жүр. Бүтін құртты бөліп жеп, жарты құртты жарып жеген деген тәмсіл дәл осы сұм жылдардан қалса керек.

Марина Ахтямова, тарихшы:

– Құрт қазақ халқының қонақжайлылығының көртсеткіші. Адамзат тарихындағы ең бір зұлматты жылдары біз қазақ халқының қаншалықты қайырымды болғанын көреміз. Олар тіпті қатерге балаларының басын тігіп отырып, бірақ қудаланып келгендерді құтқарып қалуға тырысты. Тарих бұл рақымшылықты ешқашан ұмытпайды.

Бұл жерде сол АЛЖИР-дегі әйелдердің кейбірінің суреті тұр. Арасындағы ең танымалы – Гертруда Платайс. Ол қазақ жеріне тұтқын болып айдалып келген шағында қазақ балалырының қалай тас атқанын. Кейін ол тастың қандай тағам болып шыққанын алғаш айтып берген адам. Өзі де көптеген тұтқындармен бірге тар қапаста жатып, кейін соғыс аяқталған соң өз еліне кеткен. Араға жылдар салып тәуелсіз Қазақстанға тағы келеді.

18-20 сағат бойы далада қамыс тасыған әйелдер не бары 4-5 сағат қана демалған. Тыныққанның өзінде мынандай астына қамыс жайылған төсекте жатқан. Ішерге ас болмағандықтан көптеген әйелдер қөырылып кетіп те жатыпты. Сол сәтте жалпы камерадағы қазақ әйелінің бірі әлгі қазақ балалары атқан тас қазақтың құрт деген тағамы екенін айтқан.

Әйгерім Тоқтарова, музейдің ғылыми қызметкері:

– Өте нәрлі тағам. Ұзақ уақыт бойы сақталады және құрамында кальцийі көп. Сондай денсаулыққа аса қажетті тағам деп ойлаймын.

АЛЖИР-де 18 мыңға жуық әйел тұтқында болған. Ал барлық лагерьдегі тұтқындардың тынымсыз еңбегі Совет үкіметінің экономикасына да елеулі үлес қосып, ЖІӨ-нің 3 процентін құрапты. Аталған лагерлер 1958-59 жылдардан бастап жабыла бастады. Осы аралықта нақты қанша адамның солақай саясаттың құрбаны болғанын ешкім дөп басып айта алмайды.

Авторлар: Дәуренбек Бағдәулетұлы, Сайлау Игіліков

Сондай-ақ...