Ақмола облысында боздақтар рухына тағзым жасалды

Бұл күнді ел еш уақытта ұмытпайды. Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күнінде биліктегілер боздақтар рухына тағзым етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев бастаған топ «Алжир» мемориалды-мұражай кешеніне барып, гүл қойды. Бір минут үнсіздік жарияланды. Одан кейін осы кешенде орналасқан мұражайда сақталған жәдігерлерді көрді.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева да осы кешенге барып, құрбандар рухына тазғым қылды. «Алжир» меморилды-мұражай кешені елорда іргесіндегі Ақмол ауылында орналасқан. 2007 жылы Елбасы пәрменімен ашылған.