427,82 518.00 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мұнайшыларды вакциналау баяу жүріп жатыр

  • 166
  • UPD: 20:49, 31.05.2021
Мұнайшыларды вакциналау баяу жүріп жатыр

Атырау өңірінде мұнайшыларды вакциналау қарқыны баяу, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір облыста түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр. Ал полиция қызметкерлерінің 96, теміржолшылардың 70 проценттен астамы егіліп үлгерді. Мақат ауданына бөлінген 1550 доза вакцинаның 1100-і егілді. Қосымша тағы 400 вакцинаға сұраныс берілген. Екпе орындары аудан орталығы мен Доссор кентінде орналасқан.

Сонымен қатар екі жылжымалы бригада жұмыс істейді. Жалпы облыс бойынша 4 айда 55 мың 475 адам «Спутник V», QAZVAC және Hayat-Vax вакциналарының I компонентімен егілді. Вакциналардың II компонентін 21 мың 715 адам алды. Қазір өңірде 31 стационарлық және 10 жылжымалы вакцинация пункті жұмыс істеп тұр.

Асулан Әбдірахманов, аудандық аурухананың директоры:

– Мақат ауданы мұнайлы өңір болғандықтан, 4 кен орны бар. Бұл кен орындарына барып түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оларға бригада жолданды, жылжымалы екпе бекеттері. Дегенмен қарқыны баяу болып тұр. Жалпы денсаулығына байланысты егер өзгерістер болса, ол мұнайшы біздің бақылауымызда болады. Үш күн біздің бақылауға аламыз, егер саулығында бір өзгерістер болған жағдайда.

Хабар 24 телеарнасы