Экологиялық мәдениет: Алматыда конкурс жеңімпаздары марапатталды

Алматыда экологиялық мәдениетті арттыруға арналған қалалық конкурс жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Байқауға балалардан 70 сурет келіп түскен. Жүлдегерлер жас айырмашылығы бойынша үш аталымда анықталды. Табиғат, экология туралы ойларын ақ қағазға шебер бейнелеген балақайлар құнды сыйлықтарға ие болды. Іс-шара 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылды. Алматы аспанына жылына 126 мың тонна зиянды заттар бөлінеді. Оның 70 мың тоннасы көліктерге тиесілі екен. Қалғаны өндіріс орындарынан бөлінеді. Мысалы, көмірмен жұмыс істейтін екінші жылу электр стансасының жылдық үлесі – 39 мың тонна. «Егер екінші жылу электр стансасы көгілдір отынға ауысатын болса, зиянды заттардың мөлшері анағұрлым қысқарады» , - дейді мамандар.

Қонысбек Байеділов, Алматы қаласы бойынша экология департаментінің басшысы:

– Негізгі осы Алматы қаласының ең үлкен проблемасы – ауаның ластануын болдырмау. Бұған себепкер болып отырған негізгі ластаушы көздер негізгі энергетикалық сектор, Алматы қаласындағы екінші үшінші ЖЭО, автокөліктің қозғалыстары, Алматы қаласында газдалмаған тұрғын үй санын азайту, содан кейін көгалдандыру жөнінде жол картасы қабылданған.