Суға секірмек болған бойжеткенді құтқарған сарбаз марапатталды

Елордада өз-өзіне қол жұмсамақ болған бойжеткенді құтқарған сарбаз марапатталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұлттық ұлан жауынгері Эрик Косянға «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» төсбелгісі салтанатты түрде табыс етілді. 25 мамырда Есіл өзенінің бойында белгісіз бойжеткен суға секірмек болған. Оқиға орнына дер кезінде жеткен әскери жасақ қызды құтқаруға кіріседі. Қатардағы жауынгер Эрик Косян суға сүңгіп, бойжеткенді өзеннен аман-есен алып шықты.