Халыққа екпелердің арасынан Қытай вакцинасын таңдау мүмкіндігі берілді

Бүгін арнайы бортпен Қытайдан Алматыға «CoronaVac» вакцинасы жеткізілді. Аспанасты елінде өнідірілген екпенің алғашқы партиясы 500 мың дозадан тұрады.

Бұл еліміздегі коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналауға арналған төртінші препарат. Яғни елімізде енді «QazVac», «Спутник V», «Hayat-Vax» вакциналарымен бірге «CoronaVac» қатар жүреді. Оны қытайлық «Sinovac биоте» биофармацевтикалық компаниясы өндірген. Қазіргі уақытта «CoronaVac» екпесі әлемнің көптеген елінде кеңінен қолданылады. Алматының бас санитары Жандарбек Бекшин осылай дейді. «CoronaVac» вакцинасы белсенді емес және 14-28 күн аралығымен екі рет салынады екен.

Жандарбек Бекшин, Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:

- Алматы пункттеріне бүгін жеткізіледі. Сондықтан бірте-бірте барлық осы Қазақстандағы аймақтарға жеткізіледі. Айтпақшы, осы біздің отандық вакцинасы мен Қытай вакцинасының технологиясы бірдей.