Алматы «сары аймаққа» өтті

Вирустың таралу қарқыны бойынша Алматы «сары аймаққа» өтті.

Бүгінде «қызыл аймақ» санатында Нұр-Сұлтан, Ақмола, Қарағанды облыстары ғана қалып отыр. «Сары аймақ» тізімінде Алматымен бірге Атырау, Қостанай, Павлодар, Батыс және Солтүстік Қазақстан облыстары бар. Өзге өңірлерде эпидахуал тұрақты.