426,61 518.00 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

 Ashyq жобасына қатысушылар арасында үздіктер іріктеледі

  • 131
  • UPD: 14:18, 01.06.2021

Ashyq қосымшасына тіркелген кәсіпорындар арасында үздіктер анықталады.

Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында мәлімдеді. Оның айтуынша, жобадағы бизнес нысандарының 2 аптадағы жұмысы тексеріледі. Тексеріс нәтижесі бойынша көш бастаған кәсіпорындарға жұмыс уақыты мен тәртібі бойынша бірқатар жеңілдік беру жоспарланған. Қазір қосымшада 8 мыңнан астам кәсіпорын мен 2 миллион азамат тіркелген. Ashyq арқылы қоғамдық орындарға келген 3,5 мыңнан астам науқас анықталды. Алдағы уақытта жобаға туристік компаниялар, білім беру мен балаларды сауықтыру орталықтары қосылмақ. Үкімет басшысы жауапты ведомстволарға Ashyq қосымшасының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуді тапсырды.

Хабар 24 телеарнасы