Шарын шатқалында көз жұмған мұғалім «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды

Қасым-Жомарт Тоқаев Шарын шатқалында оқушыларды құтқару кезінде қаза тапқан мұғалім Мерей Ибрагимовті «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«М.Н.Ибрагимовты «Ерлігі үшін» медалімен наградтау туралы қаулы етемін: 1. Адам өмірін сақтап қалуға байланысты қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін Алматы қаласы «№199 мамандандырылған гимназия» КММ мұғалімі Мерей Нұрғазыұлы Ибрагимов «Ерлігі үшін» медалімен наградталсын (марқұм). 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», - делінген Президент қаулысында.

Еске салсақ, 29 мамырда Шарын шатқалында сел жүріп, екі адам мерт болды

Одан соң сел салдарынан із-түзсіз жоғалған оқушы қыз табылды

Шарын шатқалына экскурсия мектеп әкімшілігімен келісілмеген