Балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мықтап қолға алынады

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігіне аса мән беру керек екенін айтты.

Ең бастысы, әрбір мектеп пен балабақшаға лицензиясы бар жеке күзет ұйымдарын бекіткен жөн. Бұл орайда жауапты министрліктер оқушыларға табиғи, техногенді апаттар мен шабуылдарға дайындық курстарын өткізуі тиіс. Сондай-ақ Тұрғымбаев Үкіметке мектеп психологтарының жұмысын жетілдіру қажеттілігін де атап өтті. Олар жасөспірімдер арасында буллингке жол бермеуі тиіс. Балалардың мектепке жетуі мен спорт секцияларын ашу мәселесі де өзекті.