2 миллион оқушы мен ата-ана психологтың көмегіне жүгінді

Қашықтан оқу кезінде 2 миллион қазақстандық оқушы мен ата-ана психологтың көмегіне жүгінген, деп хабарлайды «Хабар 24»

Консультациялар 152 орталықта жүргізілді. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында мәлімдеді. Жиынға қатысқан БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілі Артур ван Дизен келер жылы барлық мектепті ашып, балаларды оффлайн форматта оқыту қажет екендігін атап өтті. Оның хабарлауынша, әлем бойынша 460 миллион оқушы пандемия салдарынан білім алу мүмкіндігінен айырылды. Қазақстандық оқушылар да өткен бір жыл ішінде толыққанды оқи алмады. Сол үшін маман елде білім беруді қалпына келтіру бағдарламасын енгізуді ұсынды. ЮНИСЕФ ұйымы оған қолдау көрсетуге дайын.

Еске салайық, бұған дейін министр Аймағамбетов оқушылар тағы бір жыл қашықтан оқуға шыдай алмайтынын жеткізген еді.