426,83 518.00 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елорданың бірнеше көшесінде су өшіріледі

  • 103
  • UPD: 14:46, 01.06.2021
Елорданың бірнеше көшесінде су өшіріледі Нұр-Сұлтан әкімдігі

Нұр-Сұлтан қаласының бірнеше көшесінде 2 маусым күні 21:30-дан 3 маусым 09:00-ге дейін ауызсу өшіріледі.

Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты «Астана су арнасы» МКК-ға сілтеме жасап хабарлайды.

«Құрметті Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары, «Астана су арнасы» МКК 2 маусым күні 21:30-дан 3 маусым 09:00-ге дейін сумен жабдықтау желілерінде жоспарлы іс-шаралар өткізілетінін хабарлайды. ЖЭО-1 мен өндірістік аймақта су беретін д=600мм ауыз су құбырындағы қысым реттегішті демонтаждау жүргізіледі. Осыған байланысты Байқоңыр ауданы бойынша Өндіріс, Кирпичный тұрғын алаптарында, Пушкин көшесінде, 69 көшесінде, Алаш тас жолы және Әл-Фараби даңғылында, ЖЭО-1-де ауыз су беру тоқтатылады», – делінген «Астана су арнасы» МКК хабарламасында.

Сонымен қатар 3 маусым күні сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін жоғарыда аталған аудандарда су құбыры желілерін іске қосу жұмыстарына байланысты су төмен қысымда берілетіні айтылған.

«Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Сондай-ақ ауыз су қорын жеткілікті мөлшерде құйып алу қажеттігін еске саламыз», - делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы