«Тяньши» компаниясы Алматыдағы аутист балаларды қолдау орталығына қайырымдылық көмек көрсетті

Балаларды қорғау күніне орай «Тяньши» халықаралық компаниясы Алматыдағы аутизммен ауыратын балаларды қолдау және сауықтыру орталығына келіп қайырымдылық көмек көрсетті. Бұл игі дәстүр бірнеше жылдан бері жалғасын тауып келеді. Дәл осы күні орталықта ем алып жүрген балалардың қуанышында шек болған жоқ.

Алматыдағы Аутизм орталығы қазіргі таңда 4 бағытта жұмыс істейді. Мұнда аутизммен ауыратын әртүрлі жастағы 66 балаға білікті мамандар емдеу-сауықтыру шараларын жүргізеді. Адамзатқа денсаулық сыйлап, қоғамға қызмет етуде игі шаралардың басы-қасында жүретін «Тяньши» халықаралық компаниясы Балаларды қорғау күні қарсаңында орталыққа  2 млн теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетті.

Аружан Саин, «Мейірімділік» ерікті қоғамы» қорының директоры:

- Бес жылдан бері Тяньши компаниясы біздің қорымызға, «Аутизмді жеңеміз» балаларымызға көмектесіп жүр. Дәстүрлі түрде біздің қорымыздың «Аутизмді жеңеміз» балаларға қаржылай көмек көрсетіп, өз Тяньши компаниясының өнімдерін балаларымыздың денсаулығы мықты болуы үшін  бізге сыйлап жүр.

Тек ғана қаржылай емес, «Тяншьи» компаниясы Аутизм орталығында ем алып жүрген балаларға өздерінің экологиялық таза өнімдерін де сыйға тартты. Қашан да салауатты өмір салтын насихаттап, келешек ұрпақтың дені сау болуы үшін халықаралық компания жыл сайын әртүрлі қайырымдылық шараларын өткізуді дәстүрге айналдырған.

Виктория Шмидт, «Тяньши» компаниясының жауапты қызметшісі:  

- Осы жылы біз Аружан Саин қорымен ынтымақтастық орнату туралы шешім қабылдадық. Өйткені біздің мақсат-мүддеміз бір. Жас ұрпаққа және мұқтаж жандарға қамқорлық жасау бұл біздің негізгі жауапкершілігіміз. Сондықтан Тяньши компаниясы әртүрлі жобаларға қатысып қаржылай көмек беріп келеміз.

Тяньши компаниясының халықаралық нарыққа шыққанына 25 жыл. Биологиялық тағамдық қоспаларды шығарады. Компания өнімдерін әлемнің 190 еліндегі 46 миллионнан астам отбасы тұтынады. Бұл экологиялық таза өнімдер денсаулықты жақсартуға, ағзаның қартаюын бәсеңдетуге және иммунитетті арттыруға көмектеседі.

Авторлар: Жандос Айтбайұлы Эдуард Кон

Сондай-ақ...