Елордада алғаш рет жастарға қызмет көрсету орталығы ашылды

Орталық жұмысы жастарға консультациялық көмек көрсетуге бағытталған.

Онда жастарға арналған жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар және қаладағы бос жұмыс орындары жайында ақпарат алуға болады. Сондай-ақ жұмыспен қамту орталығына тіркеуге тұру мүмкіндігі де бар. Мекеме Сарыарқа ауданында орналасқан, демеушілік қаржыландыру есебінен ашылған. 

Қайрат Қамбаров, қалалық Жастар саясаты басқармасының басшысы:

- Қандай қызметтер дейсіз бе? Біріншіден "Отбасы банк" өздерінің жұмыстары жөнінде баяндап өтеді. Сосын жұмыспен қамту басқармасы бар. Басқарма қызметкерлері жастарды жұмысқа орналастыру бойынша қандай бағдарламалар бар, солар жайында баяндап береді. Мысал ретінде біз "Жасыл ел" бағдарламасын жүзеге асырып отырмыз. Жалпы орталықтың мақсаты − жастарға қолдау көрсету.