Павлодар облысында балаларға ойын алаңы сыйға тартылды

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай павлодарлық бүлдіршіндер арт-фестивальға қатысты.

Мерекелік думан барлық ауыл-аудандарда өтіп жатыр. Көктөбе елді мекенінде белсенді азаматтар балаларға ойын алаңын сыйға тартты. Сонымен қатар аудан орталығындағы саябаққа келешекте демеушілер тарапынан мүмкіндігі шектеулі балалар үшін жабдықтар алынбақ. 

Елена Плаксина, ерекше балаларға арналған ойын орталығының директоры:

- Сал ауруына шалдыққан балаларды қоғамға бейімдеуде осындай ашық ойын алаңдарының берері мол. Себебі олар дені сау балалармен қатар жүреді. Қолымызда ерекше балаларға арналған  велосипед  және  арнайы киім бар. Бірақ ол жеткіліксіз. Сал ауруына шалдыққан бала тәрбиелеп отырған ата-аналар балаларының сырғанап ойнағанын, әткеншек  тепкенін  қалайды.

Мектеп оқушылары шахмат, роботты техникадан сайысқа түсті. Жергілікті атқарушы билік ауданның дарынды балаларымен кездесу ұйымдастырды. Мектеп бітіруші түлектер пандемия кезеңінде өткен оқу жылында бірталай жетістіктерге қол жеткізген.

Ақбота Айтахан, мектеп бітіруші түлек:

- Медицина саласын таңдап отырмын. Өйткені қазіргі вирустық жағдайларға да байланысты тағы да біздің ауылымызда Семей полигонына жақын орналасқандықтан осы саланы таңдап отырмын. Көптеген адамдарға көмектескім келеді. Дәрігер атанып көп адамды ем деп, осылай өз үлесімді қосқым келеді.