Талдықорғанда мерекеге орай «Балдәурен» шарасы өтіп жатыр

1 маусым халықаралық балаларды қорғау күніне орай Талдықорғанда «Балдәурен» мерекелік шарасы өтіп жатыр.

Жеткіншектер кенеп пен асфальтқа сурет салды. Жас спортшылар өз өнерлерін көрсетті. Облыстық білім басқармасы тарапынан мерекеге жиналған балақайларға қазақ халық ертегілері топтастырылған кітаптар табыс етілді. Талдықорғандағы оқушылар сарайы пандемия жағдайында да өз жұмысын жалғастыра береді. Балаларын аталған мекемеде ұйымдастырылатын жазғы демалыспен қамтамасыз етуге әзірге 200 ата-анадан өтініш түскен.     

Гүлназ Қанабек, оқушы:

- Мен бұл жерде оқып жатқаныма 2 жыл болды. Бұл жерде ұстаздар сурет салып көмектеседі кішкентайларға. Конкурстарға қатысып жатамыз. Балаларды қорғау күніне қазақ халық ертегілері жинақталған кітапты беріп жатыр. Мен қуаныштымын.

Ләззат Есболова, Талдықорған оқушылар сарайының директоры:

- 2 маусымнан бастап тамыздың 15-іне дейін жұмыс жүргіземіз. Би жазғы мектебі, сурет салу мектебі, ағылшын тілін үйрететін мектептер жұмыс жасайды. Қазіргі жаңа заң бойынша мұғалімдер 56 күн демалады. Сондықтан ретін сақтап, 5 кезең болады бізде.