Оралда ертеңнен бастап демалыс күндеріне қатысты карантиндік шаралар жеңілдетілмек.
Яғни сенбі-жексенбі күндері барлық сауда үйлері мен орталықтары, базарлар мен сауна, бассейндер жұмыс істейді. Мамыр айында ауруға шалдығу деңгейі 23% төмендеген. Дегенмен, арқаны кеңге салуға ерте. Тек соңғы тәулікте тағы 56 адамнан қатерлі індет анықталған.
Нұрлыбек Мұстаев, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
- Балабақшада 15 балаға дейін болса, қазіргі таңда 25 балаға дейін. Облысаралық Атырау-Орал бағытына жүретін бір автобусымыз бар, оған да шектеу қойылса қызыл аймақта, қазір рұқсат берілді. Ashyq пилоттық жоба енгізген нысандарға да шектеулер алынған болатын, тамақтану орындарында 50 орынға дейін болса, енді 60 орынға дейін. Банкет залдарына да 60 адамға дейін рұқсат берілген болатын. Кинотеатрлар мен театрлар 30% болса, қазір сыйымдылығы 40% рұқсат берілді.