Ұлттық академиялық кітапханада балаларды қорғау күніне орай фестиваль өтті

Ұлттық академиялық кітапханада халықаралық балалар қорғау күніне орай «БалаTIME» атты фестиваль ұйымдастырылды. Оған Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мұрындық болып отыр. Іс-шара аясында 12 жасар Разия Ақпардың ертегілер кітабінің тұсаукесер рәсімі өтті. Шығармашылықты жаны сүйетін жас жазушы шабытты табиғаттан алатынын айтты.

Нұрқиса Дәуешов, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі:

- Бүгінгі өтіп жатқан шара балаларды кітап оқуға, кітапхананың қызметімен танысуға, қызықты материалдар беріп, осы кітапханаға тарту мақсатында. Кітап оқу мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Разия Ақпар, жас жазушы:

- Менің ертегілерім қазір заманауи және пәндік тақырыптардан құрайды. Олардың идеяларын мен табиғаттан, пәндерден, сабақтардан, жаңа тақырыптардан, аспаннан, көлден ала беремін. Менің ертегілер кітабімнің үлкен ерекшелігі - ол менің өзім салған сүреттермен безендірілген.