426,64 518.00 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жастарға қауіпті контент қайта қаулады

  • 133
  • UPD: 17:45, 01.06.2021
Жастарға қауіпті контент қайта қаулады

Өз-өзіне қол жұмсаудың жолдары, балалар порнографиясы және есірткіні жарнамалайтын контент. Жыл басынан бері түрлі сайттарға жүктелген осындай 3 мыңға тарта материалға шектеу қойылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның екі мыңнан астамы порнографиялық мазмұнда болса, 19-ы есірткі саудасын қыздырған. Заңсыз сайттардың дені Ресей мен Қырғызстанның доменімен ашылған. Ғаламтордағы жүргізілген мониторинг нәтижесінде ведомствоның ескертуінен кейін былтыр балаларға қауіпті деп танылған 23 мың 677 материал алынып тасталды. Бірақ балалардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін контент ғаламторда қайта қаулап шығады. Сол себепті назарға іліккен сайттарға ескерту жіберіп, оларды бірден бұғаттауға болады. Ол үшін ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ресми сайтындағы арнайы сервиске кіріп, шағым қалдыру қажет. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, құзырлы мекеме ерсі мазмұндағы материал жүктеген интернет-ресурсқа ескерту жіберіп, тиісті шара қолданады.

Хабар 24 телеарнасы