Шымкент тұрғынының 1,2 млн теңгесін иемденіп кеткен алаяқ ұсталды

Шымкентте тұрғынның 1,2 миллион теңгесін иемденіп кеткен алаяқ анықталды, деп хабарлады Polisia.kz.

30 мамырда Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби аудандық ПБ-ның «102» нөміріне қала тұрғыны арызданды. Ол өз арызында белгісіз адам Шымкент қаласы әкімдігіне қарасты тұрғын үй шаруашылығы басқармасымен берілетін пәтерлерді алуға көмек беремін деп алаяқтық жолмен сеніміне кіріп, 1 200 000 теңге ақшасын алып кеткен.

Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби аудандық ПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.